Бегайдар қажы Смадиярұлы: "Халық қазынасын қорғаған адамды қамау - дұшпанның тірлігі"

Шымкенттік ақсақал зейнетақысын жұмсап,  Ислам Әбішевті іздеп келіп, халін сұрады.

Шымкент қаласындағы Самал-3 шағын ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бегайдар қажы Смадиярұлы елордаға келіп, қамауда жатқан қоғам қайраткері Ислам Әбішевпен жүздесіп қайтты.

Алыстан ат терлетіп келген ақсақал Ислам Әбішевтің оңтүстік өңірде әкім орынбасары болып қызмет еткен кезінен танып, игі істеріне тәнті болғанын айтты.

- Ислам еліміздің экономикасын өркендетуге зор үлес қосқан адам. Халықтың қазынасын қорғаймын деп мұндай жағдайға душар болды. Бұл енді дұшпанның тірлігі, - деді қария өз сөзінде.