Оқушылардың жаңа оқу жылындағы демалыс күндері аталды

2435
0
Бөлісу:

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері оқушылардың жаңа оқу жылындағы каникулдарының мерзімін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің бұйрығы бойынша:

1) 2019-2020 оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;

2) 1-сынып оқушылары – 33 апта оқиды, 2-11 (12)-сынып оқушылары 34 апта оқиды;

– күзгі каникулдар – 28 қазаннан 3 қарашаға дейін (жеті күн);

– қысқы каникулдар – 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (он күн);

– көктемгі каникулдар – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн);

Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметінше, 1-сынып оқушыларына тағы қосымша каникул беріледі – 3-9 ақпана аралығында (жеті күн).

Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

бес × 5 =