Жәнібек Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

3627
1
Бөлісу:

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы өзің Боратқа теңеген шетелдің былғары қолғап шеберін нокаутқа түсірді.

Шаршы алаңда намысына тиген боксшыны қуалап жүріп сабаған Жәнібек канадалық Стюарт МакЛелланды бесінші раундта мүлдем сұлатып түсірді, деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

Он раундқа созылады деп күтілген бокс жекпе-жегінде толық үстемдік көрсеткен Әлімханұлы қарсыласын алдымен екінші, содан кейін бесінші үш минуттық раундта нокаутқа түсірді. Осыдан кейін ол техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл жеңісінен кейін Жәнібек Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 64-орыннан 63-ке көтерілді. Ал МакЛеллан жеңілістен кейін бір сатыға төмендеді, енді ол 258-орында.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы айтулы жеңісінен кейін барша отандастарына алғыс айтып, халыққа деген ыстық ықыласын жекізді.

«Бұл – менің емес, елдің жеңісі! Ер – елдікі! Төккен тер ақталып, еңбек жемісін берді. Сіздердей тақым қысар ағайынның барына, Құдайға шүкір. Артыңда елің, қасыңда досың болмаса жалғыздың шаңы шықпайды. «Мен» деген сөз, «өзім» деген сөзден аулақпын. Осы жеңісте әрқайсыңыздың үлесіңіз бар. Сіздердің қолдауларыңыз демеу, тілеулеріңіз қуат, болысқандарыңыз – күш. «Жәнібек чемпион болады, осы бала бокс жұлдызы болады» деп сенім артып отырғандарыңызды жақсы түсінемін. Сіздердің бұл сенімдеріңіз – үлкен жауапкершілік. Біздің де мақсатымыз – әлемге қазақ стилін танымал ету,  4 салмақта әлем чемпионы болу. Осы белеске сіз болып, біз болып жетеміз, бұйырса. Осы жекпе-жекке дайындалуға көмегін берген барлық спарринг қарсылстарыма, бапкерім Баддиға, менеджерім Эгисқа, промоутерім Бобқа алғыс айтамын. Сондай-ақ жаттығу базасындағы шығындарымызды көтеріп, қолдау көрсеткен «Tas group» басшысы Дулат Тастекеевке де көп рақмет. Істері берекелі болсын. Рингте жалғыз жұдырықтасқаныммен, бокс – командалық спорт түрі. Сіздер де біздің командамызсыздар, құрметті жанкүйерлер! Біз әлі 30 күн ойын, 40 күн тойын жасайтын үлкен жеңістерді бірге тойлаймыз, бұйырса!», деді Әлімханұлы.

Атап өту керек, Жәнібек осыған дейін жеті жекпе-жек өткізіп, жетеуінде де жеңіске жетті.

Осылайша, отандық боксшы WBO Global кіші белбеуін және WBC Continental Americaas аймақтық титулын қорғауға мүмкіндік алып отыр.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

алты + жеті =