Г. Қыстаубаев: Биліктің ішінде халық қамын ойлайтын бір адамның болуы – олардың баю көзіне қауіп төндіреді!

2996
20
Бөлісу:

Олжас Әбіл інім айтса, қалт айтпайды! Зерттеп, оқып, сұрап, анығын толық біліп барып, айтады! Бұл жерде де сол екен.

Ислам Әбіш, төменде Абзал Құспан айтып отырған, қазынаға қайтарылған (!) 1 трлн (!) теңгеге, «Қытайдан таситын су құрылғыларына қажетті сапасыз тетіктерді, өз елімізде жоғарғы сапамен шығаратын кәдімгі замандық супер зауыт салуға жетеді. Маған рұқсат етсе, сол үнемделетін (өзі өз бюджетін қысқартып, үнемдеген) ақшаға әлемдік стандарттағы қатқан зауытты салып, мемлекетке «сыйлық» жасар едім» деген болатын!

Исламның мұндай ел үшін игі, өте тиімді идеясын, кезінде, ұлттың ұлтшыл ақыны Қазыбек Иса өзінің «Қазақ үні» басылымы мен интернет порталында кең көлемде жазды да.

Нәтижесі – осы. Исламның өзі – қамақта! Бұған себеп: биліктің ішінде халық қамын ойлайтын бір ғана адамның болуы – олардың баю көзіне қауіп төндіреді!

Геройхан Қыстаубай,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Алмас Асемханулы 20 Тамыз, 2019 12:22 Жауап

    Иә, бұл жемқорлық белсен алған қоғамда елге шынайы қызмет жасау өте қиын. Сыбайлас жемқорлықтың торы барлық саланы қамтыған. Оларды айналып өтiп iс асыру мина қойылған жерлермен жүру өтумен тең. Ислам Әбiшке жабылған жала осының айғақ көрнiсi. Ислам Әбiштiң мемлекет қаржысын оңтайлы қолдану жолдарын көрсеткен азамат, бiлiктi маман.

  2. Аделья 29 Тамыз, 2019 10:35 Жауап

    Бие көрдім жоқ, түйе көрдім жоқ деп жұта бермеген соң шам алып түсіп отыр ғой Ислам Əбішевтың ізіне. Аққа құдай қай кезде де жақ.

  3. Райхан 5 Қыркүйек, 2019 17:44 Жауап

    Қу құлқынның құлы болғандар үнемдеген адамда қандай шатағы бар десеңші. Ел қазынасы ешкімнің меншігі емес халықтың қаражаты. Сол қаржыны ысырапқа салмай ел игілігіне жұмсаған жанның, елмен етене жұмыс істеуіне жағдай жасауымыз керек қой.

  4. Айзере 6 Қыркүйек, 2019 12:49 Жауап

    Ислам Əбішев ісі нақты дəлелі болмаған соң сиырқұйымшақтанып кетті ғой. Ақ адамды қанша күйелесең де қараймайды.

  5. Айткүл 11 Қыркүйек, 2019 12:49 Жауап

    Алмас Əсемханұлы дұрыс айтасыз. Жемқорлыққа белшеден батқан мына қоғамда билікте қызмет етуге ұмтылудың өзі қорқынышты сияқты. Əбішевтей ары таза азамат ақталады деп сенеміз!!!

  6. Айзада 11 Қыркүйек, 2019 18:47 Жауап

    Əбішев ісінің өзі ақ билік тізгінін ұстағандардың халық қамын ойлаудың қауіпті екенін көрсетіп берді. Жүйені түгел өзгертпесек біздің ел ретінде дамуымыз қиын ау.

  7. Есенгүл 14 Қыркүйек, 2019 17:08 Жауап

    Жемқор деуге қалай ғана ауыздары барады. Біреуге ор қазба өзің түсесің дегеннің бар екеніе ойлап қойса біздің сот.

  8. Айнара 15 Қыркүйек, 2019 18:01 Жауап

    Қу құлқынның құлын емес, азаматтық арын ойлаған абыройлы Ағамыз Əбішевке бостандық беріледі деп сенеміз!

  9. Айнагүл 16 Қыркүйек, 2019 19:14 Жауап

    Мемлекет үшін жанын салып жұмыс істеген Əбішевты жазықсыз жазғыру арқылы қоғамдағы мемлекеттік қызметкердің абыройын төгіп жатқанымызды білеміз ба біз?

  10. Айдана 17 Қыркүйек, 2019 18:44 Жауап

    Шындығын айтқанда жанарына жас алып тұрып халқы қимай шығарып салған əкім ол Əбішев еді. Басқа ондай əкімді көргеніміз де естігеніміз де жоқ…

  11. Əмия 17 Қыркүйек, 2019 22:58 Жауап

    Мемлекеттің қаржысын үнемдеп, қалған қаржыға зауыт салуды армандаса бұдан асқан мемлекеттік қызмеркердің керегі жоқ еді ғой, бізге…

  12. Айтжамал 18 Қыркүйек, 2019 19:19 Жауап

    Қаншама жоба ұсынды Ислам Əбішев.Солардың бəрін қолдасақ, қаншама қаржы үнем болар еді. Зауыт салса шіркін сол қаржыға. Қаншама адам жұмыспен қамтылар еді.

  13. Айшолпан 19 Қыркүйек, 2019 00:24 Жауап

    Иə Айдана дұрыс айтасыз, тек өзіміздің қандас бауырларымыз ғана емес, орыстың кемпірлері жанарына жас алып жылағағын көргенде Əбішевтей арда азаматпен шын мақтанған едік. Енді қорған бола алмай отырғанымыз өзекті өртейді. Дегенмен қайырлы шешімді шығарушы Алла. Күдерімізді үзбейміз!

  14. Рима 21 Қыркүйек, 2019 12:33 Жауап

    Мемлекеттің қаржысын көзінің қарашығындай қорғаған атпал азаматты халық болып қолдауымыз керек. Исекеңнің адал еңбегін басқалар білмесе де, Бір Алла өзі көріп тұр. Сондықтан оң шешім шығады əлі ақ Жаратқан жар болып.

  15. Аяулым 21 Қыркүйек, 2019 12:35 Жауап

    Рима пікіріңіз орынды. Егер Алла қаламаса түймедей де зиянын тигізе алмайды Исекеңе.

  16. Айткүл 22 Қыркүйек, 2019 21:20 Жауап

    Сонда биліктің тізгінін ұстаған кейбір қу құлқынның құлдары үшін мемлекет қазынасын үнемдеуге үзілді кесілді болмайтын болып тұр ғой. Əбішевтің бар кінəсі – мемлекет қаржысын талан-таражға салмағаны болып тұр. Басқа түк те емес.

  17. Асель 24 Қыркүйек, 2019 23:03 Жауап

    Не үшін қолдаймын Əбішевты. Өйткені ол халық қаржысын қорғады. Жəне адал қызмет етті.

Пікір немесе жауап жазу

11 − 3 =