Ислам Әбіштің тек ғана бостандыққа шығуын тілеймін - Олжас Әбіл

"Ойпырай халықтың арасында беделі қандай зор еді" деп соңғы кезде таңғалып жүрген бір адамым бар болса, ол осы Ислам Әбіш деген бұрыңғы шенеунік. Рас. Фейсбукке кірсем көретінім тек осы Әбіш боп кетті .... Бәрі қолдап жатыр, араша сұрап жатыр, жазып жатыр, журналисі де зиялысы да, басқасы да... Мен мойындадым, Әбіш авторитет екен... Өткенде сырттағы қашқын әкімдердің біреуінің "бұлар ақша үнемдеймін деген кісіні істі қылып отыр" деп миығынан күле отырып айтқан сөзіне елең ете қалып "онысы кім еді" десем, онымыз осы Ислам Әбіш екен ғой. Мен осы Ислам Әбіш туралы алғаш рет бұлардың Сапарбаев екеуі Шығыс Қазақстан өңірінде атқарған қызметінен бері құлағдармын. Білетіндер осы екеуі кезінде "шығыс өңірді кәдімгідей қазақтандырды, өлкеміз біраз қазақтанып қалды, тұтас оралмандар қалашығын салды" және арбаны да сындырмай, өгізін де өлтірмей, ың - шыңсыз жергілікті орекеңннің көңілін тауып құрметке бөлене білді деп мақтап жатады. Бұлар кейін шығыстан кеткенде жұрт жылап - сықтап шығарып салыпты дегенді де оқыдық сол кезде. Жалпы бұндайды күнгей өңірдің жігіттері қатырады, меніңше Өмірзақ (Шүкеев) та сондай әкім. Іргесі бекіп келе жатқан жас мемлекетте ұлттық ұпайды түгендеген басшының қызметі біле білген адамға өте сауапты іс. Енді "бұл кісі неге істі болып отыр" деп осы кісі жайлы ақпарды оқып отырсам, "Ислам Әбіш үш жылда мынадай қаржы үнемдей отырып жоспардан он есе көп пәленше пәтер үй салуға болады депті", "бес жылда сонша шақырым жол салуға болады", "бес жылда қаржы үнемдей отырып алқаптарда сонша инфрақұрылым жаңартуға болады деген екен", "LRT құрылысының шығынын үш есе азайтуға болады" деген темалар ұрып тұр осы жерде, яғни айыптан бұрын Әбіштің батыл бастамаларын көрдім. Көрдім де оған іштей риза болдым. Ее, бұндайды тек қолдап, осындай әңгіме айтатын басшыға дені дұрыс қоғам ескерткіш тұрғызбай ма??!! Тиімді реформалар деген шамамен осындай болады, дәлірек айтсақ қазынаның ақшасын үнемдеуден басталады.(Қолымнан келсе мемлекеттік бюджеттің қақпағына кілең сараң кемпірлерді отырғызып қояр едім). Сенсеңіз де сенбесеңіз де әңгіменің тоқетері осы. Меніңше, Ислам Әбіш өзінің осындай "революционный" бастамаларымен, қазынаның құлағын ұстаған ірі - қаралардың "дыхалкасынан" ұрып оларды шошытып отыр. Бұның жобасы шамамен осыған келеді. Одан басқа ойыма ештеңе келмеді. Егер ішкі түйсігім алдамай бұл азамат нақақ кетіп отырса, бұл кісінің тек қана бостандыққа шығуын тілеймін. Қалай десек те пайғамбар жасына келгенде, абақтының сықырлаған есігіне телміріп кіріптар боп отыру кімге оңай дейсіз, кінәсіздігі дәлелденіп бостандық бұйырсын деймін, басқа не айта аламыз, Мықты Әбіш, реформатор, респект. Олжас Әбіл,  Фейсбук парақшасынан