Мемлекеттік тілді менсінбейтін министр қазақша сөйлеуге уақытын қимады

"Қазақ үні кітапханасынан"   6-желтоқсан күні «31 телеарна» тілшісінің койған сұрағына Сырткы істер министрі Ерлан Ыдырысов ұлтаралық қатынас тілінде ұзағынан көсілді. Министрді зорға тоқтатқан тілші: "Осы сөздеріңізді қазақша айтып беріңізші" деуі мұң екен, Е.Ыдырысов: қазақша сөйлеуге уакытым жоқ деп кілт бұрылып кетті. Сұрақ туындайды:
  1. Сонда калай, мемлекетіміздің білдей бір министрі мемлекеттік тілді менсінбей, сөйлегісі келмесе немесе сөйлей алмаса, онда ол тіл кімге керек?
  2. Әлде министрдің әкесі, ҚазМУ-де талай талантты қазақ журналистерін тәрбиелеген профессор, журналист- ғалым өз ұлына келгенде дәрменсіздік көрсеткен бе?+
ҰСЫНЫС немесе ӘЛСІЗ ҮМІТ Бәлкім, Мемлекеттік тіл туралы, Баспасөз туралы және т.б. зандарды, Конституцияны бұзған министрін кейінгі кезде ана тіліңде тәп-төуір сөйлеп жүрген Үкімет басшысы әрі Ыдырысовтың тікелей тәлімгері Қ.Тоқаев мырза тәртіпке шақырар... Елбасы қашанғы айтады... Түйін: Бізді бәрінен де таңқалдырғаны ана тілінде айтудан бас тартқан, бәлкім айта алмаған министрдің жүзінен ұялудың, кысылып-қымтырылудың ешбір белгісі байқалмады. Қайта менсінбей, мырс етіп күліп кеткен сияқты. Кімге? Ана тіліне ме, жоқ өз ұлтына ма?
  1. Құрметті В.Храпуновты құдайындай сыйлайтын қазақтарды енді түсіндім.
  2. Үміт күткен Үкіметіміздің мүшесі мұндай болса Масановтарға өкпелеудің жөні жоқ шығар...
4.Ана тілін сыйламаған миинстрді мен де (және басқалар ) сыйламауға міндеттімін.   Қазыбек ИСА  №10, 8-14-желтоқсан, жұма, 2000 жыл. qazaquni.kz