Ақ отауға Ақ жол мәңгі тілейміз

3133
0
Бөлісу:

Заң саласында да, спорт саласында да еңбек етіп жүрген Жиынбек бауырымыз бен Зинегүл келіннің тұңғышы Еркежан қызымыз Ақ отауға аттанып барады!​

Алтау тапқан ананы,

Ханым десе болады-дегендей, Жиынбек пен Зинегүлдің тұңғыштарының қуанышы – ырымалды тойы ырысқа бастай берсін! Тойларың тойға жалғаса берсін! Екі жастың армандары алға аса берсін!

Алла әрдайым Еркежан мен Даниярға бақ-береке мен шат мереке сыйласын!

Атына сай Еркежан елінің еркесі, ал Данияр топ бастар серкесі бола берсін!

Бақыт жайлы айтылатын ән дайын.

Еркежан қыз, ашылсын ақ маңдайың!

Ата-анаңның аялаған мәпелеп,

Ақ үмітін ақтай білгін әрдайым!

Бақыт құсы қонса баққа – саяға,

Қуанбайды қандай әке, қай ана?!

Даниярдай атыңа сен сай болып,

Еркежандай аққуыңды аяла!

Ақ тілектер ақ қанатын жаяды.

Алашыңның аруы бол аялы.

Аналардың шашып елге шуағын,

Бабалардың салтын ұста саялы.

Арман тауға аттандыңдар ат мініп,

Алдарыңнан шықсын күліп сәттілік.

Тәтті болсын, өмірлерің әрдайым

Дастарxанға жайылған соң тәттілік!

Шаңырақты көтеріңдер сәнді ғып,

Әлдилерің жүрсін ішін ән ғылып.

Ақ отауға Ақ жол мәңгі тілейміз,

Жұлдыздарың жарқырасын мәңгілік!

Ақ тілекпен, аға-жеңгең

Қазыбек – Жәннат

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

төрт − төрт =