Экология министрлігінің мамандары Бурабайда ағаш кесілген жерге жіберілді

1542
0
Бөлісу:

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге жіберілді, деп жазды baq.kz.

Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша,Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл жайсыз оқиғаның тексеру барысын бақылауда ұстаймыз. Министрлік заңсыз ағаш кесу бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды жоспарлап отыр», – дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы ағаштардың кесілуіне наразылығын білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдікке шара қабылдауды тапсырды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

үш × 2 =