Орал қаласының әкімі тағайындалды

12 тамызда Батыс Қазақстан облысының активтеріне Орал қаласының әкімі таныстырылды, - деп хабарлайдыы stan.kz.

Казталов ауданының бұрынғы әкімі 46 жастағы Абат Шыныбеков Орал қаласының әкімі болды.

Абат Абайұлы Шыныбеков 1973 жылы туған. «Ауылшаруашылықты механикаландыру» және «Экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Абайұлы БҚО Казталов ауданының әкімі болды. Оған дейін БҚО Сырым ауданының әкімі қызметін атқарған.