Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды

Беларусь еліндегі Қазақстан елшісі Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.

Президенттің жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.