Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті.