Тоқаев екі адамға рақымшылық жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында екі сотталушыға ​​кешірім берді.

Павлодарлық журналист Ярослав Голышкин мен шымкенттік қоғам белсендісі Ерлан Балтабай бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлға алмастырды. Бұл туралы sputniknews.kz жазды.

"Құрбан айт мерекесі қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ярослав Голышкин мен Ерлан Балтабайды кешірді. Олар өкініш білдіріп, кінәсін толығымен мойындап, президентке кешірім беруді сұрап өтініш жасады. Бас бостандығынан айыру айыппұлмен алмастырылды", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 Журналист, павлодарлық "Версия" газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша, бір топ адамның алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін сотталды.

2015 жылы сот журналистің мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкенттегі "Достойный труд" кәсіподағының жетекшісі Ерлан Балтабайға қатысты қылмыстық іс өткен жылдың қыркүйегінде басқалардың сеніп тапсырған мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін 189-бап бойынша қозғалды.

Оған одаққа тиесілі 10,8 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды. Ол қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдарды басқару құқығынан айырылып, жеті жылға сотталды