Ислам Әбішевтің атынан қорғаушысы Абзал Құспан Абай өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты (видео)

Бөлісу:

Белгілі адвокат Абзал Құспан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастарды.

Еске сала кетсек, осыған дейін танымал ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса аталмыш эстафетаны саясаткер Әлихан Байменнен қабылдап, Ислам Әбішевке, елорда әкімі Алтай Көлгіновке, танымал әншілер Жұбаныш Жексенұлы мен Меруерт Түсіпбаеваға жолдаған болатын.

– Әлекең эстафетаны төрт адамға жолдапты. Олар – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевқа, Мемлекеттік қызмет агенттігі төрайымы  Анар Жайылғановаға және ақындар Ғалым Жайлыбай екеумізге жіберіпті. Мен де бүгін ұлы ақынымыздың төрт өлеңін оқып, төрт адамға жолдаймын. Олардың алғашқысын халық қазынасынан триллион үнемдегені үшін.. түрмеге түскен,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеушілері екі рет инфаркт алса да, үйқамаққа шығармай қамауда ұстап отырған, әкімдердің ақыны атанған, абақтыда намазы мен Абай жырларын оқып жатқан Ислам Әбішевке жолдаймын. Сонымен бірге астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке және қазақтың әйгілі әншілері Жұбаныш Жексенұлымен Меруерт Түсіпбаеваға жолдаймын, – деген еді ақын Қазыбек Иса өз сөзінде.

Осыған байланысты адвокат Абзал Құспан аталмыш эстафетаны Ислам Әбішевтің атынан жалғастырып, Абайдың бір шумақ өлеңін оқып берді.

– «Қазақ үні» газетінің Президенті Қазыбек Иса ағамыз Абай өлеңдерін оқу эстафетасын менің қорғауымдағы Ислам Әбішев ағамызға жолдаған екен. Алайда, біздің Қазақстанның заңдары бойынша Ислам ағамыз қазіргі уақытта темір тордың ар жағында жатыр. Ол жерге не ұялы телефон, не болмаса камера кіргізуге мүмкіндігіміз жоқ. Сол себепті Ислам ағамыздың атынан, оның қорғаушысы ретінде мен мына бір өлең жолдарын жолдағым келеді. Абай атамыздың «Көк тұман» деген өлеңін әрбір қазақ біледі, – деген Абзал Құспан ақынның аталмыш өлеңінен үзінді оқып берді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Динарка 8 Тамыз, 2019 15:14 Жауап

    Абзал мырза кандай керемет окып шыктыныз. Жарайсыз сиз коргап отырган Ислам агамыз оте керемет киси. Абзал мырза биз сизге сенемиз, ойткени сиз мыкты зангерсиз. Ислам агамыздын коргаушысы болганынызга ешкандай окинбейсиз. Ойткени ол киси ТАЗА.

  2. Жанат Мырза. 8 Тамыз, 2019 22:39 Жауап

    Абзал, Абай атамыздың керемет өлеңін таңдаған екенсіз.»Көк тұман» өлеңі дәл қазір Ислам ағамыздың қапастағы тағдырын меңзеп тұрғандай. Көк тұманның артынан ашық көк аспанмен көмкеріліп, жарқыраған күн шығатынын да ұмытпайық жақсы жаңалық күтейік. Өзіңіз қорғаған істер сәтті болушы еді, сәттілік болсын деп тілейік ағайындар.

  3. Дана 6 Қыркүйек, 2019 23:12 Жауап

    Жанат Мырза дұрыс айтасыз.Əбекең қай істі қолға алса да сəтті атқарып шығады.Осы жолы ла сəттілік серігі болады деп сенеміз.

Пікір немесе жауап жазу

төрт + 2 =