Уайыс Ерсайынұлы: Ислам Әбішев әділетсіздіктің құрбаны болып сотталғалы жатыр

4002
4
Бөлісу:

Ислам Әбішевке моральдік қолдау білдірейік!

Бұл қазақ қашан жақсылары мен жайсаңдарының бағасына жетіп еді?! Әлде пешенемізге жазғаны – өлген соң өкініп, қаза болған соң қайғырып, елу жылдан соң еске алып, алпыс жылдан соң аза тұту ма?! Неге біз осы азаматымызды тірісінде қадірлемейміз?! Неге осы біздің елде жақсы болу үшін, қалайда қуғындалып, түрмеге қамала беру керек?!

Құрметті достар! Тағы бір өкінішті жағдай – қазақтың айтулы азаматы, мықты мемлекеттік менеджер, саналы ғұмырын ел мұратына сарп еткен Ислам Әбішев әділетсіздіктің құрбаны болып сотталғалы жатыр!

Тек Оңтүстік өңіріне ғана емес, бүкіл елге еңбегі сіңген Исламдай ағамыз басқа жұмыстарын былай қойғанда, Су ресурстары Комитетінде триллион теңгеден аса бюджет қаражатын үнемдеген екен! Мұндай адамды түрмеге тығып, соттамақ түгілі, еліміздің ең жоғары наградасы – Халық Қаһарманы атағын беру керек қой, ағайындар-ау! Осыдан артық қандай ерлік керек бүгінгі Қазақстанның реалиясында! Әттең, әттең, бұл, өкінішке орай, жемқорлардың айы оңынан, күні солынан туған Қазақстан ғой…

Әттең, әттең, ағамыздың бұл ерлігі «қандай жолмен болса да байы» деген идеологияны ту еткен біздің қоғамда дұрыс бағаланбайды ғой..!

Дегенмен, жазықсыз жалалы болып, қапаста отырған Ислам Әбішевке моральдік қолдау білдірейік, достар! «Аққа Құдай жақ» деген. Біз ақты жақтасақ, Қүдай бізді жақтары хақ. Ел екенімізді көрсетейік! Бір қазақты бір жұдырықтай жұмылып, бар қазақ болып қолдай алмасақ, елдігімізге сын емес пе?! Кеңдігімізге сын емес пе?!

Ислам Әбішевке араша!

Уайыс Ерсайынұлы,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Әйгерім Өтебайқызы 23 Тамыз, 2019 02:18 Жауап

    Біздің Қазақстанға Жақсылық жасасаң да жақпайсың! Неге?! Себебі, бұл- Қазақстан!Бір аттаған жерің лас коррупция! Онысы рас! Үнемдегені де, Үнемдемегені де Басы Бәлеге тап болады! Тағы да неге?! Себебі, бұл- Қазақстан!
    Ислам Әбішевке тек сабыр тілейміз!

  2. Жанерке 26 Қыркүйек, 2019 17:14 Жауап

    «Дегенмен, жазықсыз жалалы болып, қапаста отырған Ислам Әбішевке моральдік қолдау білдірейік, достар! «Аққа Құдай жақ» деген. Біз ақты жақтасақ, Қүдай бізді жақтары хақ. Ел екенімізді көрсетейік! Бір қазақты бір жұдырықтай жұмылып, бар қазақ болып қолдай алмасақ, елдігімізге сын емес пе?! Кеңдігімізге сын емес пе?!» депті Уайыс Ерсайынұлы. Барша қазақ жабылып бір қазақты аман алалып қала алмасақ кім болғанымыз? Осындай ары таза азаматты тұтқындаған сотта не қадір, не қасиет қалады бұдан кейін? Ойланар әлі де. Бостандық берер, деген ойдамыз.

Пікір немесе жауап жазу

5 × 4 =