Елордада Абай Құнанбайұлына арналған поэтикалық музыкалық марафон өтеді

4772
0
Бөлісу:

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 174 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара» атты поэтикалық музыкалық марафон өтеді.

Ісшараның мақсаты – ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін оқырмандарға, қала тұрғындары мен қонақтарына жеткізіп, ой санасына тың серпіліс беру арқылы, рухани байыту.

Жиын барысында «Ұлы даланың дана ойшылы – Абай» иллюстрациялық-кітап көрмесі, «Абай мұраларын ұлықтайық» Абай оқулары, «Ұлы Абай» кинокөрсетілімі, «Әнді сүйсең менше сүй» әдеби караоке, «Адамзаттың шамшырағы – Абай» балаларға арналған кітап көрмесі, «Білімдіден шыққан сөз…» әдеби ертеңгілік, «Абай ұлттың рухани гиппократы» ақын, абайтанушы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Ықылас Ожаймен кездесу, «Абай – дана, Абай – дара» поэтикалық-музыкалық мереке, «Абай Ұұнанбайұлының шығармалары жинағының тұсаукесері», «Абай бейнесі суреткерлер көзімен» сурет көрмесі ұйымдастырылады.

Іс-шараға жазушы, ҚР Мемлекетттік сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері Қажығали Мұхаметқалиев, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алдан Смайыл, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Тобаяқов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұрсұлтан қаласы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, аудармашы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым-хатшысы Төрегелді Рахман, танымал тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт сондай-ақ, әнші, Республикалық жыршылар байқауының лауреаты, жас жыршы Айнұр Қонысбаева, әнші, актер, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, дәстүрлі әнші, актер Асқар Мұқият, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, аудармашылар, әдебиеттанушылар мен әдебиет сыншылары, ғалымдар мен зерттеушілер, тарихшылар мен мәдениеттанушылар, дәстүрлі әншілер мен театр әртістері, кітапхана қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

2 × 4 =