Ислам Әбіш: LRТ-АCТАНА

1757
10
Бөлісу:

№3 ҮНДЕУ

Еліміздің астанасындағы LRТ-ның (рельсті жеңіл темір жол) құрылысы аса қымбатқа түсуіне байланысты ол қалың көпшіліктің наразылығын туғызған болатын. Бұл жөнінде көптеген сын-ескертпелер айтылып жатыр.

Президентіміз Қ.Тоқаевтың нақты тапсырмасынан кейін халық наразылығы ескеріліп, бұл мәселеге нүкте қойылған сияқ.ты еді.

Өкінішке қарай, астанамыздың әкімінің «Астана ақшамы» (.01.08.2019ж.) газетінде жарияланған хабарламасынан кейін біз көпшілікке мына төмендегідей мәлімдеме жасауға мәжбүрміз:

  1. «LRТ-Астана» жобасын бар болғаны 150,0 млрд.теңгеден аспайтын қаржыға толығымен бітіріп беруге дайын, техникалық жағынан өте сауатты бір топ инженерлер мен менеджерлер бар.

       2.Үнемделетін 420,0 млрд,теңгені 1,0 млн.гектар суармалы жерді іске қосуға жұмсауды ұсынамыз.

         Қала әкімінің хабарына сәйкес, шығындарды ықшамдағаннан кейінгі LRТ құрылысына керек қаржы 1,5 млдр.доллар немесе 576,0 млрд.теңгені құрап отыр.

1млн.гектар суармалы жерден жылына 3,0 млрд.долларға жуық ауыл шаруашылық өнімін өндіруге болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес ауыл шаруашылық саласындағы салықтық жүктеме 4% мөлшерінде. Олай болса бұл жыл сайын бюджетке 120,0 млн.доллар немесе 45,6 млрд.теңге қосымшша қаржы түсіп отырады деген ссөз. Бұл қаржыны көп балалы аналарды материалдық қолдауға пайдалануға болады деп ойлаймыз. Айналымға қосылатын 1 млн.гектар суармалы жер 100,0 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын қамтасыз етеді. Адам басына шаққанда 40,0 мың доллардың өнімі өндіріледі деген сөз.

Үкімет және Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөніндегі ұсынысымызға қызығушылық танытады деген сенімдеміз.

Ынталы топтың жетекшісі  ISLAM ABISH.

2019 жылдың 5 тамызы. Нұр-Сұлтан қаласы, Тергеу изоляторы.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Пессимист 6 Тамыз, 2019 15:10 Жауап

    Қызық болғанда Үкімет те, Астана әкімдігі де қызығушылық танытса ғой! Бірақ, әй, қайдам…

  2. Бағдагүл 28 Тамыз, 2019 13:41 Жауап

    Елімізді дамыту жолында керемет үнем жасаудың жолын ұсынған, күні бүгінге дейін елім деген ер туралы президентіміз бір оң шешім шығарады деп сенеміз.

  3. Жұлдыз 29 Тамыз, 2019 09:13 Жауап

    «LRT Астана» жобасынан 420 млрд. теңге үнемдеуге болатынын айтыпты Ислам ағамыз. Осылай əрбір жобадан млрд.тар үнемделе берсе мемлекет қазынасына зор пайда еді.Осыны ескерер билік болса қанекей.

  4. Елдана 30 Тамыз, 2019 18:10 Жауап

    Үнем неге бізге осы ұнамайды? Қайта қуанып, қос қолдап қуанудың орнына… Жүзеге асырып көрсе екен билік тым болмаса бір жобасын Əбішевтың…Нəтижеден соң ары қарай өзгесін көре берер еді…

  5. Жанна 3 Қыркүйек, 2019 00:51 Жауап

    Шындап келгенде бүгінгі еліміздің жағдайы мəз емес… Əлеуметтік жағдайы төмен отбасылар шаш етектен.Осының барлығы ысырапшылдықтың салдары сол баяғы ..Неге үнемдейік деген Исекеңнің сөзіне бір сəт құлақ түрмейміз осы?

  6. Əсем 3 Қыркүйек, 2019 21:22 Жауап

    Бір ғана жобадан 420 млрд теңге үнемдеу дегеніміз өте үлкен қомақты қаржы ғой.Қалған қаржы суармалы жерлерге кетсе де егін шаруашылығын ептеп икемге келтіріп алуға болар еді…

  7. Айғаным 4 Қыркүйек, 2019 13:06 Жауап

    Ислам Əбішевтың осындай үнемдеуге жоспарланған жобасын естісе де тыңдамайтын, тиімді екенін біле тұра жүзеге асырғысы келмейтін біздің билік «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғысқа ұшыраған шығар бəлкім… Əлде де ойланар…

  8. Айзере 9 Қыркүйек, 2019 18:20 Жауап

    Үнемдеуден ұтпасақ ұтылмаймыз. Тіпті елімізде халықты алаңдатқан проблемалар тіпті аз болушы еді.. Орынмен жұмсасақ ел қазынасын ..

  9. Айман 13 Қыркүйек, 2019 09:39 Жауап

    Үкімет пен Нұрсұлтан қаласының əкімшілігі Ислам Əбішевтың бюджет қаржысын үнемдеу жолындағы ұсынысына құлақ асар деген ойдамыз. Əлде де кеш емес…

  10. Айжамал 17 Қыркүйек, 2019 19:16 Жауап

    Бір ғана LRT жобасының өзінен 420 млрд.т үнемделсе бұл дегеніміз, ел қаржысын желге ұшырмау болып саналады. Бар басшы үнем жағын ойласа онда дамыған мемлекет болар едік.

Пікір немесе жауап жазу

5 × 4 =