Басты бағыт – Алаш аманатына адалдық

4967
0
Бөлісу:

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Облыстық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымының қауымдастырылған профессоры, алаштанушы, Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық корының президенті Дәметкен Сүлейменова Башқұрстан мемлекетінің астанасы – Уфа қаласында іс-сапармен болды.

Профессор Сүлейменова «Дерек. Тарихшы. Саясат» атты халық­аралық ғылыми кон­ференцияға қатысып, «ХХ ғасыр басындағы қазақ хал­қының зиялы азаматы – Аспендияр Кенжеұлы Кенжин» тақырыбында баядамасын ұсын­ды. Конференция барысында, Даметкен Досмұханқызы отан тарихы, Алаш пен қазақтың ардақты ұлы, білікті дәрігер – Аспендияр Кенжин туралы баяндады.
ХХ ғасырдың басында қазақ ұлты Ресей патша үкіметінің отарлық саясатынан үлкен зардап шеккені белгілі. Сондықтан, ұлт зиялылары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күрестің жаңа түрі – саяси күрес екеніне көз жеткізді. Көптеген оқыған қазақ интеллигенциясы Ресей жеріндегі саяси күрестің іс-тәжірибесін жинақтап, орыс мәдениетінің озық тәсілдерін үйреніп, жоғарғы оқу орындарында білім алып, қалың ұйқыдағы қазақ жұртын оятуға бел шеше кірісті. Осындай оқыған қазақ зиялыларының бірі – Аспендияр Кенжин болатын.
Ғылыми конференциядан кейін алаштанушы Уфа қала­сындағы Башқұрстан мем­лекеттік архивінде болып, құнды әрі қажетті, тың материалдар іздестірді.
«Адам өз тарихын білмей, азамат болып қалыптаса алмайды, ал ұлт тарихын білмеу – надандық. Балаға ерте жастан бастап, тарихты оқытып, қазақтың қалай ел болғанын әрбір отбасы санасына сіңіріп отырса, мықты ел болатынымыз анық», – дейді ғалым.

«Ақ жол» партиясының
Батыс Қазақстан облыстық филиалы

qazaquni.kz

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

4 + 9 =