Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалинді қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі әдебиет пен өнердің жағдайы, рухани құндылықтар туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев рухани құндылықтар ел дамуындағы маңызды фактор екеніне назар аударды. Қазақстан Президенті заман талабына сай жаңа әдеби шығармалар жазылып, әдебиет пен өнер саласында жүрген жастарды қолдау қажет екенін айтты.