Қазақстанда 5 мың теңгелік жалған ақшалар пайда болды

Қазақстан Ұлттық Банкі 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттардың анықталу жағдайларының жиілеп кеткені жайында хабарлайды.

Қолдан жасалған банкноттардың сериялық нөмірі - ВВ 5547994, бірақ басқа нөмірлер де болуы мүмкін.

Қолдан жасалған банкноттар қорғалған қағазда компьютерлік техника пайдаланыла отырып жасалған, банкноттың бүкіл бетінде геометриялық фигуралар түріндегі сутамғы белгілері бар. Сонымен бірге оларда мифтік «Самұрық» құсы түріндегі сутамғы белгінің имитациясы бар.
Ұлттық Банк қолдан жасалған банкноттарда қорғаныш элементтері: сутамғы белгі, үзік жіп, жасырын және аралас бейнелер, барыс қанатының бейнесі түріндегі «СПАРТ» қорғаныш элементі, ультракүлгін жарықпен ғана көрінетін бейнелер және басқалары имитацияланған.
Ультракүлгін жарықпен қарағанда қолдан жасалған банкноттың көгілдір түсі болмайды. Мұндай банкноттардың түрлі-түсті талшықтарын қолдан ақша жасаушылар қолдан бояумен салады. 5000 теңгелік қолдан жасалған банкноттың түстері түпнұсқасына қарағанда көмескіленіп тұрады.

Ұлттық Банк халықты қырағы болуға және нағыз банкнотты қолдан жасалғанына ажыратуға көмектесетін бар болғаны бірнеше ережені сақтауға шақырады.

  1. Банкнотты анықтау үшін оны сезіну керек. Банкнот қағазының өзіндік қытырлақтары бар. Банкноттарда рельеф жасайтын арнайы мөр бар. Бұл рельефті «Қазақ Елі» монументі, банкноттардың әріптік бейнесі, сәулеттік кескіндер, Қазақстан картасы және «ҚР Ұлттық банкі» деген сөздер орналасқан жерде көруге болады.
  2. Содан кейін банкнотты мұқият қараңыз. Банкноттың түсі нақты болуы керек, белгілері мен номиналдың сандық бейнесін көру үшін банкнотқа жарықпен қарау керек.
  3. Сондай-ақ, банкнотты майыстыру керек. 1000, 2000, 5000, 10,000 және 20,000 теңгелік номиналдағы банкноттарда сурет түріндегі кескіндер бейнеленген. Банкнотты аударғанда кескіндердің түсі жасылдан сарыға өзгереді. 2000 және 5000 теңгелік номиналдағы банкноттардың артында голографиялық жолақ орналасқан. Голограммада жылтыр және кескін динамикалық әсер береді.