Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев кездесу өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тұңғыш президенттің ресми сайты.

Кездесуде күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы кезеңнің жұмыс жоспары талқыланды.

Елдегі қоғамдық-саяси ахуал және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселесі де әңгімеге арқау болды.