1 млрд теңге жұмсалды: Ұлттық пантеон құрылысы аяқталуға жақын

VIP моланың құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Елорданың іргесіндегі ұлттық пантеон құрылысының бір бөлігі аяқталып қалды. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан Қабанбай батырдың кесенесінің жанында енді министр, депутат, әкімдер мен елге еңбегі сіңген белгілі тұлғалар жерленетін болады.

Арнайы қорымға келушілерге қолайлы болуы үшін 1 миллиардтай теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бастапқыда жергілікті әкімшілік тарапынан 2 миллиард 300 миллион қаражат жұмсалады деп жоспарланса, артынша ол қаржы 1 миллиард 700 миллионға қысқарған. Оның ішінде еденді арнайы электр тоғымен жылытуға арналған құрылғы бар. Халық тарапынан наразылық тудырған мәзірлердің бюджеті кейінірек 950 миллионға қысқартылған көрінеді.

Қазір әр зираттың алдында орындықтар қойылып, жарықшамдар орнатылған. Алдын ала дайындалған 19 орын бос тұрғаны да белгілі болды. Егер бұл зираттар толатын болса, пантеон аймағы кеңейтілмек.