«БАЙҚОҢЫР» МӘСКЕУ САХНАСЫНДА

Мәскеудегі бесінші халықаралық өнер фестивалі аясында басты бес премьера анықталды. Оған Қазақстандағы тәуелсіз АРТиШОК театрының қойылымы енді. «Байқоңыр» деп аталатын көше спектаклін қазақстандық труппа Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі алаңында қойды. Жоба петербургтік инже­нерлік театрымен бірлесе жасалынды. Ресейлік бұл театр өз қойылымдарында бірегей инженерлік құрылымдарды қолда­нумен айналысады. Жалпы, бұл қойылым Байқоңыр мифологиясын өзінше зерттеуімен ерекшеленді. Нөсер жауынға қарамастан, ашық аспан астында өткен қойылымға келген халықтың қарасы көп болды. – «Байқоңыр» – біздің сүйікті спектакліміз. Оны осыдан екі жыл бұрын дайындаған болатынбыз. Және дәстүр бойынша бұл туындыны әр жаз мезгілі сайын бір рет сахналап тұрамыз. Алғаш рет қойылымды өткен жылы елордада қойған едік. Кейін Алматыдағы трамвай депосы аумағында сахналанды. Ал биыл, міне, Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде ұсынылып отыр, –дейді актриса Виктория Мұхамеджанова. qazaquni.kz