Мемлекеттік тілді керек қылмайтын "InDraiver" Қазақстанда қалай жұмыс жасап жүр?! 

Мемлекеттік тілді керек қылмайтын "InDraiver" Қазақстанда қалай жұмыс жасап жүр?! Нұр-сұлтан және басқа да қалаларда осындай жағдай, халық өздерінің телефонына indraiver праграмасын жүктеп алады. Әрине, такси шақыру үшін, бірақ ішіне кіріп қалсаң болды "Russian, Inglish, Ispanish, Portugal, Frenchg" тілдеріне тап боласың. Өкінішке орай, қолданыста ресей тілі тұрады, ресей тіліне тәуелділік жасап қойған. Қазақ халқына жұмыс жасайтын қосымшада Мемлекеттік тілдің қолданылмауы - "қазақ ұлтын сыйламау" деп түсінуге болады. Менің біліуімше, Қазақстанда осы indraiver қосымшасы көп жылдан бері жұмыс жасайды, осы уақытқа дейін қазақ халқының құқығын аяқ асты қылып, жұмыстарын әлі күнге дейін жалғастырып келе жатыр.

Осыдан бір-екі жыл бұрын досым екеуміз бір кештен шұғыл қайтатын болып, такси шақыруға тура келді. Досымның қолы босамай, маған өзінің ұялы телефонын беріп "такси шақыра бер" деді. Мен сол indraiver қосымшасына кірмесім бар ма, ішінде бәрі орыс тілінде, әрі-бері шұқып көріп қалай шақыратынымды білмей, бір он минуттай тұрдым. Тұралап қалған мені көріп "такси келді ме?" демесі бар ма досымның. Ақыры өзі такси шақырды. Сонда өз елімде, өз жерімде қазақ тілінде такси шақыра алмағаныма намысым келді.

Мемлекеттік тіл - Қазақ тіліде қызмет көрсетпейтін indraiver тек шетелдіктерге арналған ба? Мемлекеттік тіл өз орнында тұруын ТАЛАП ЕТЕМІН! Қалалық Прокуратураға, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігіне хат дайын тұр. Қолдайтын халық болса қолдаймын деп, аты-жөндеріңізді жазыңыздар.

Мұқағали Балқыбай, Фейсбук парақшасынан