Әділдіктен танбаған тарлан еді...

Өмірден Телғозы Еребаев ағамыз да өтіпті. Арыста бокс мектебін ашып, жастарды спортқа баулып, патриоттық пен отаншылдыққа тәрбие­леген, ел ағасы бола білген ер ағамыз еді. Ха­­лық­тың мүддесін қорғауда әділдігінен тан­баған тарлан еді. Ағайын­ға ғана емес, аймаққа ардақты азамат ағамыз­бен талай сұқбаттасқан кездеріміз болып еді. Үлкенге ізетті, ініге ілтипатты еді. Жаны жай­саң, жақсы адам еді... Парламенттік сайлаулар ке­зінде де Алашқа Ақ жол тілеп, елді соңынан ерте білген ер еді. Ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болғай! Артындағы ұрпақтарына құдай ұзақ ғұмыр бергей. Отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз. Иманы салауат болсын! Қазыбек ИСА, ақын, «Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары, «Қазақ үні» газеті президенті qazaquni.kz