Әділдіктен танбаған тарлан еді…

1658
0
Бөлісу:

Өмірден Телғозы Еребаев ағамыз да өтіпті. Арыста бокс мектебін ашып, жастарды спортқа баулып, патриоттық пен отаншылдыққа тәрбие­леген, ел ағасы бола білген ер ағамыз еді. Ха­­лық­тың мүддесін қорғауда әділдігінен тан­баған тарлан еді.
Ағайын­ға ғана емес, аймаққа ардақты азамат ағамыз­бен талай сұқбаттасқан кездеріміз болып еді.
Үлкенге ізетті, ініге ілтипатты еді. Жаны жай­саң, жақсы адам еді… Парламенттік сайлаулар ке­зінде де Алашқа Ақ жол тілеп, елді соңынан ерте білген ер еді. Ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болғай! Артындағы ұрпақтарына құдай ұзақ ғұмыр бергей. Отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз. Иманы салауат болсын!

Қазыбек ИСА,
ақын, «Ақ жол» партиясы
төрағасы орынбасары,
«Қазақ үні» газеті президенті

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу