Мерейтой құрметіне жаңа балабақша ашылды

Республика көлемінде мектепке дейінгі білім беру ісін дамыту тұрғысында көптеген ілкімді істер атқарылып келе жатқаны көпке аян. Осындай игілікті істердің бір парасы Ақмола облысында да жүзеге асуда. Көкшетау қаласының 195 жылдық мерейтойы құрметіне орай тарту ретінде 280 орындық №20-шы «Zerek» балабақшасы пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Ақ­мола облысының әкімі Ермек Мар­жықпаев қатысып, жергілікті халықты құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Осынау игі істің «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асқанын атап өткен өңір басшысы кішкентай бүлдіршіндердің өнерін сүйсіне тамашалады. «Zerek» балабақшасы мең­герушісі Бану Нүпілованың айтуынша, 280 орынға шақталған мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 12 топ жұмыс істейді. Ақпараттық-коммуни­кациялық технологиясы, ден­­саулықты қорғау және сауық­тыру технологиясы, үш­тілді, балалардың ғылыми-экспериментальды жұмысы, қосымша білім (бейнелеу өнері, хореография) сияқты бес бағытта жұмыс істейтін балабақшада балалдардың ин­теллектуалдық дамуына барлық мүмкіндіктер қарас­тырылған. Заманауи кабинеттер, көр­кем әдістемелер, төсек-орын­дар мен асханалар да бала­пан­дарымыздың игілігі үшін қызмет етпек. Г.Бақытжанқызы qazaquni.kz