Жоғары несие өнім бағасын өсіреді

984
0
Бөлісу:

 

 

«Ақ жол» партиясы фракциясының депутаты Кеңес Абсатиров Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп ұжымдарымен кездесуде. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты іссапар барысында 4 кәсіпорынды аралады. Оның ішінде екеуі – облыс орталығында, екеуі – ШҚО Глубоков ауданында.

«Силумин Восток» кәсіпорны директоры Зоя Новолодская депутатты ілмекті арматура, жинақталған тарату құрылғысы, екіжақты сору сорғысы, құйма оқшаулы құрғақ трансформатор, электрмагнитті шығын өлшегіш сынды зауыт өнімдерімен таныстырды.
Өнеркәсіп тауарлары жақын жердегі мемлекеттерге ғана емес, Африка елдеріне де тасымалданады.
Кәсіпорын иесі сандық бағдарла­маны басқару бойынша реттеуші, білдікші, технолог, конструктор сынды кәсіби мамандардың жетіс­пеушілігі мәселесін де айтып өтті.
Келесі бір мәселе – айналымға жеткі­ліксіз қаражат үшін несиенің жеткіліксіздігі: «Даму» қорының беретін ақшасы зауыттың толық­қанды жұмысына жеткіліксіз, ал банктің 14% мөлшерлемесіндегі несиесі шығарылатын өнім бағасы­ның өсуіне алып келеді. Отандық өндіру­шінің айтуынша, егер несие мөлшер­лемесін 4%-ға түсірсек, бұл мәселені шешуге болар еді.
Кездесу соңында депутат кәсіпорын жұмысшыларынан елдегі реформаларға байланысты сұрағын қойды. Жасы үлкен жұмыс­керлер зейнет жасының өсуіне алаң­дау­шылығын білдірсе, жастар орта білім беру жүйесіндегі реформаларға байланысты өз ойларын білдірді.
Еншілес «Ульба-электро» ЖШС өндірістік-коммерциялық фирманың директоры Александр Фроимчук қондыр­ғылардың жекелеген бөлшек­терінің жұмысын тексеріп, қызмет­керлерді даярлауға арналған арнайы жабдықталған оқу сыныбын таныс­тырды.
Кеңес Абсатировтың іссапары ШҚО Глубоков ауданында жалғасты.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу