Азат Перуашев іс-сапармен Шымкенттегі «Asia Trafo» трансформатор зауытына барды

  «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев және төраға орынбасары Қазыбек Иса Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен барды. Күннің екінші жартысында олар Шымкент қаласындағы Трансформатор «Аlageum electric» холдингінің «Asia Trafo»ЖШС зауы­тының жұмыс барысымен танысып қайтты. «Asia Trafo»зауытының директоры Серғазы Күнтуаров партия мүшелерін зауыттың күнделікті жұмыс тәртібімен таныстырды. «Asia Trafo» – «Alageum Electric» элек­тро­­тех­никалық құрылғысы Қазақстан­дық жетекші өндіруші құрамына кіретін трансформаторлық құрылғыны жасау жөніндегі Орталық Азиядағы ең ірі зауыт. Аталмыш мекемеде 130 адам жұмыс істейді. Оның 70-і дәнекерлеуші. Жұмысшылар зауыт маңында салынған 5-қабатты 40-пәтерлі үймен қамтылған, пәтердің автотұрағы да қарастырылған. Өндіріске үдемелі және экологиялық таза технологиялар енгізілген. Олардың көбісін дүниежүзілік өндірушілер қолда­на бастады. Шығарылатын бұйымдардың сервистік қызмет көрсетуді жақсарту мақ­сатында өндірісті басқарудың жаңа жүйесі орнатылған. qazaquni.kz