Қазыбек Иса. АБАЙ жырларын оқу эстафетасын... ТҮРМЕДЕГІ ИСЛАМ ӘБІШЕВКЕ ЖОЛДАЙМЫН (видео)

 

Былтыр ақын Серік Сейтманның бастамасымен Алпамыс батыр жырын бүкіл еліміз оқып шығып еді... Енді биыл Ұлы Абайдың келер жылғы 175 жылдығына байланысты өлеңдерін оқуды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап, бәрі жалғастырып жатыр. Белгілі саясаткер, руханиятқа қамқор қоғам қайраткері Alikhan Baimen Абай өлеңін нақышына келтіріп оқып, эстафетаны маған да жолдаған екен, жақсы бастаманы қабыл алдым.

Әлекең эстафетаны төрт адамға жолдапты. Олар - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевқа, Мемлекеттік қызмет агенттігі төрайымы  Анар Жайылғановаға және ақындар Ғалым Жайлыбай екеумізге жіберіпті. Мен де бүгін ұлы ақынымыздың төрт өлеңін оқып, төрт адамға жолдаймын. Олардың алғашқысын халық қазынасынан триллион үнемдегені үшін.. түрмеге түскен,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеушілері екі рет инфаркт алса да, үйқамаққа шығармай қамауда ұстап отырған, әкімдердің ақыны атанған, абақтыда намазы мен Абай жырларын оқып жатқан Ислам Әбішевке жолдаймын. Сонымен бірге астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке және қазақтың әйгілі әншілері Жұбаныш Жексенұлы мен Меруерт Түсіпбаеваға жолдаймын.

Қазыбек ИСА,

Qazaquni.kz