Қазыбек Иса. АБАЙ жырларын оқу эстафетасын… ТҮРМЕДЕГІ ИСЛАМ ӘБІШЕВКЕ ЖОЛДАЙМЫН (видео)

Бөлісу:

 

Былтыр ақын Серік Сейтманның бастамасымен Алпамыс батыр жырын бүкіл еліміз оқып шығып еді… Енді биыл Ұлы Абайдың келер жылғы 175 жылдығына байланысты өлеңдерін оқуды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бастап, бәрі жалғастырып жатыр. Белгілі саясаткер, руханиятқа қамқор қоғам қайраткері Alikhan Baimen Абай өлеңін нақышына келтіріп оқып, эстафетаны маған да жолдаған екен, жақсы бастаманы қабыл алдым.

Әлекең эстафетаны төрт адамға жолдапты. Олар – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевқа, Мемлекеттік қызмет агенттігі төрайымы  Анар Жайылғановаға және ақындар Ғалым Жайлыбай екеумізге жіберіпті. Мен де бүгін ұлы ақынымыздың төрт өлеңін оқып, төрт адамға жолдаймын. Олардың алғашқысын халық қазынасынан триллион үнемдегені үшін.. түрмеге түскен,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеушілері екі рет инфаркт алса да, үйқамаққа шығармай қамауда ұстап отырған, әкімдердің ақыны атанған, абақтыда намазы мен Абай жырларын оқып жатқан Ислам Әбішевке жолдаймын. Сонымен бірге астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке және қазақтың әйгілі әншілері Жұбаныш Жексенұлы мен Меруерт Түсіпбаеваға жолдаймын.

Қазыбек ИСА,

Qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 8 пікір жазылған

  1. Абзал Тоқанов 19 Шілде, 2019 15:28 Жауап

    Ұлтымыздың Ұлы перзенті Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мемлекет басшысынан бастап, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірінен соң бірі одан әрі іліп алып өлеңдерін нақышына келтіріп оқуы қоғамнің бүгінгі асқынған жағдайында аса орынды әрі маңызды іс деген ойдамыз. Бұл өз кезегінде келешек ұрпаққа да тәлімі мен тәрбиелік мәні жоғары екені сөзсіз. Сондықтан ел ағалары мен қоғамда орны бар азаматтардың қалыс қалмай Ұлы Абайды насихаттауы өте орынды екені анық. Қазыбек Иса ағамыздың жолдаған эстафетасы одан әрі тұтас Қазақ елін қамтитынына сеніміміз кәміл.

  2. Қолқоюсыз 20 Шілде, 2019 08:59 Жауап

    Ислам Әбіш нағыз ұлтжанды азамат, қай салада еңбек етсе де еліне адал қызмет етумен келе жатқан іскер басшы екеніне дау жоқ.Біреудің аяғын басып кетсе керек, әйтпесе мұндай азаматты қамауда ұстауға ұялмай ма? Бұл ел не болып барады кешегі отыз жетінші жылдың репресиясын қайталау ма? жоқ қазақ зиялыларын шетінен құрту ма?, жоқ бұл геноцит па?

  3. төре 20 Шілде, 2019 09:00 Жауап

    Ислам Әбіш нағыз ұлтжанды азамат, қай салада еңбек етсе де еліне адал қызмет етумен келе жатқан іскер басшы екеніне дау жоқ.Біреудің аяғын басып кетсе керек, әйтпесе мұндай азаматты қамауда ұстауға ұялмай ма? Бұл ел не болып барады кешегі отыз жетінші жылдың репресиясын қайталау ма? жоқ қазақ зиялыларын шетінен құрту ма?, жоқ бұл геноцит па?

  4. Әбеке 20 Шілде, 2019 13:50 Жауап

    Қазеке, өлең жүректен оқылыпты. Жүректерге жүректен шыққан ғана жететіні белгілі. Ислам ағамыз үшін аянбай атсалысып жргеніңізді білеміз Аллаһ Өзі қолдасын. Өмірдің бар бітімі ұлы эмтихан болғандықтан, бұл да бір өткінші тіршіліктегі сынақ. «Жамандар жақсымын деп айқайлайды, жақсылар жақсымын деп айталмайды» дегендей азғын, ластар тазамын дейді, имандылар бүкіл өмір иманын, жанын тазарту үшін күреседі. Абайды бабамыздың секілді Аллаһқа бойсұнып, Пайғамбарға ергендер ғана ұғып, тани алатын. Солар емес пе Данамызбен бірге қуанып, сонымен бірге күрсініп сыр бөлісетін, әлемдердің Раббысына құлшылық жасап, елі үшін қызмет ететін. Аллаһ Таъала сіздерге де, біздерге де сондй ізгілерге жетуге жазып, екі дүние игілігін нәсіп етсін.

Пікір немесе жауап жазу