Қазыбек Иса. ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ ҮШІН ҰЛТШЫЛДАР КЕРЕК!

Бөлісу:

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біле ме екен?!.

Белгілі ұлт зиялысы, «Тіл жанашыры» Құрмет белгісінің иегері Мұқамбедия Төре ағамыз кешегі Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан бір «қызық» сурет жариялады. Бұнда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Тоқаевтың сөзін синxронды аударма… арқылы тыңдап отыр…

Мейлі, бұл әкімдер ілеспе аударма арқылы қай ТІЛДІ тыңдап отырғандарын өздері білер. Бірақ, басқа-басқа, дәл осы екі әкімнің қазақшаны қатырмайтыны елге белгілі.

Иә, кезінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың қазақ тілінде қойылған сұраққа жауап бере алмай, Ресей тілінде сөйлегені баспасөзде жазылған болатын.

Бұл суретті керекулік белгілі ақын Арман Қани да салып, әкімдері туралы жазба жариялапты. «Біздің бастық, Болат Бақауовты айтам, салтанатты жиындарда баспасөз қызметі дайындап берген бір беттік қазақша мәтінді бірінші сыныптың оқушысындай ежелеп оқып бере алады. Тек кейбір сөздерді дұрыс дыбыстай алмай, бұзып-жарып айтады. Сонысы қиындау…»-деп, әкімдерінің мемлекеттік тілге шорқақ екенін жазыпты ақын ағамыз.

Иә, әкімі ұлтшыл болса, Керекудегі белгілі тіл күрескері, «Тіл жанашыры» Құрмет белгісі иегері Руза Бейсенбайтегі жалғыз өзі шырылдап, кеудесімен трамвай тоқтатып жүрер ме еді?!. Қала трамвайлары тоқтағанмен, биліктегі әлі Ресей тілінде сөйлейтін Кеңестік құлдық санадағы «ескі трамвайлар» пайдалану мерзімі біткеніне 28 жыл болса да, әлі салдырлап тоқтар емес…

«Орысша ойлап-сөйлейтін адам қазақтың қамын жейді дегенге бала да сенбейді» – дейді көрнекті ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы.

Картинки по запросу құлбек ергөбек

Ал көрнекті сыншы-ғалым Құлбек Ергөбек: «Президенттің қазақша сөзін Əкімдер ілеспе аудармамен тыңдауы – сорлылық! Ел болмаудың көрінісі. Жапонияда филологиялық апнайы білімі жоқ адамды басшы қызметке қоймайды екен. Филология – жапон тілі мен əдебиеті. Ана тілін білмеген адам сол ұлт адамының жанын түсінбейді деген сөз бұл! Философия! Солтүстік екі облыстың Əкімі де мəңгүрт деген сөз. Қызметінен өздері арызданып кетуге тиісті. Біз жұрт болып ҚР Президентінен осы талапты алдына тартып, оң шешуін сұраймыз!»-деп, өткір сынап, бекем іске бел байлап, кірісіп кетіпті. Біз әрине, қуана қолдаймыз!

Сонда солтүстіктің әкімдері түсінбейтіндей Қазақстан Президенті өзі беске білетін ағылшын тілінде сөйлеп отыр ма?!. Жоқ, әлгі әкімдер «екіге» білетін Қазақ тілінде сөйлеп отыр…

Мемлекет басшысының мемлекеттік тілдегі сөзін түсінбейтін мемлекет тағайындаған әкімдер мен министрлер әлемде Қазақстаннан басқа қайда бар? ЖОҚ! Өзін-өзі сыйлайтын ешқандай елде бұлай болуы МҮМКІН ЕМЕС!

Солтүстік Қазақстан облысының және Павлодар облысының әкімдерінен сұрау керек – «Сендер Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын білесіңдер ме?!.»-деп?!.

Бұл сурет Санасы отарлық құлдықтан арылмаған құлақкесті құлдар үшін кәдімгі әдеттегідей, күнделікті, заңды, табиғи жәйт! Ал әрбір ұлтын сүйетін ұлтшыл, мемлекетшіл, отаншыл, патриот, Санасы Тәуелсіздік алған Азат ойлы Азаматтар үшін ҚОРҚЫНЫШТЫ, МАСҚАРА!

Масқара екені анық, ал «Қорқынышты» деп те босқа айтып отырған жоқпыз. Мұқамбедия ағамыздың суретіне Әліби Манаш есімді бауырымыз «Қауіпті аймақтардағы қауіпті кадрлар» деп жазыпты!.. Анық берілген анықтама! Ондыққа тигізген ойландыратын «диагноз»!.. Кезінде осындай ойды біз, ұлт мүдддесі – мемлекет мүддесі үшін қалам сілтеп жүрген ұлтшылдар талайдан бері жазып келе жатыр едік. Енді міне, елім деген ерлердің бәрі солай дабыл қағатын болды!

Картинки по запросу ислам әбішев

Картинки по запросу иманғали тасмағамбетов

Иә, Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асса да, ТІЛІ мен ДІЛІ жағынан қауіптілігі әлі сақталып келе жатқан солтүстік облыстар туралы осыдан оншақты жыл бұрын «Қазақ үні» газеті мен сайтында бірнеше рет жазған едім. Сонда алдымен Ресейлік патшалық бодандықтың белгісі – Петропавл ме Павлодар қалаларының аттарын ауыстыру үшін осы екі облысқа сондайлық қажыр-қайраты, ұлттық мүддені қорғауда зор қуаты бар, ақыл-жігері мен ар-намысы қайнаған, руxы биік қайраткерлер Иманғали Тасмағамбетов пен кезінде Өскеменді өскелең қала етіп, қазақыландырып кеткен Ислам Әбішевті әкім ету керек деп жазған болатынмын. Сол сөзімді тағы да қайталаймын. Иманғали Тасмағамбетовті Ресейдегі «айдаудан», xалық қазынасынан триллион үнемдегені үшін… түрмеге түскен Ислам Әбішевті астанамыздағы абақтыдан алдыру керек!

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ ҮШІН ҰЛТШЫЛДАР КЕРЕК!

Қазыбек ИСА,

«Қазақ үні» газеті

Qazaquni.kz

Бөлісу:

4 пікір жазылған

  1. отан 17 Шілде, 2019 20:08 Жауап

    бұлардың бәрі ұры назарбаевтың мамандары бұл екеуінен тоқаев пен мәмиде асып тұрған жоқ осы екеуінің әрі мен бері жағы.

  2. Абзал Тоқанов 18 Шілде, 2019 16:16 Жауап

    Иә өкінішке орай Солтүстік облыстарымызда тіл мәселесі әлі де болса өткір тұр. Балық басынан шіридінің кері… Әкімдерінен бастап барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерден қазақша таза білетін адам таппайсыз. Болса саусақпен санарлық, Сондықтан, әкімнен бастап, барлық мемлекеттік органдардағы шен-шекпенділерді мемлекеттік тілден мықтап емтихан алып қана қойған жөн. Тек қажеттілік болғанда ғана ана тіліміз өрге басады.

  3. Бекболат Т.С. 22 Шілде, 2019 13:25 Жауап

    Осы шпион-сатқындар-жансыздардан қашан қүтыламыз? Тіл білмеген әкімді.., бірден қамау керек.

    • ләзиза 17 Тамыз, 2019 13:32 Жауап

      Бекболат Т.С.
      Президентіміз Тоқаев мырзаның өзі ана тілін, туған тілі – қазақ тілін ежелеп зорға сөйлейді. сонда президенттен бастап қамауымыз керек пе?! ))

Пікір немесе жауап жазу

9 + 6 =