Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6 мың адамнан асқан. Қаланың 17 секторында 250 арнайы техниканы тарту арқылы 197 құрылыс компаниясы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде, онда 1746 құрылысшы жұмыс істейді. «Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған министрлік өкілдері Арыс қаласындағы үйлерді және құрылыс барысын күнде бақылайды. Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 1 тамызға дейін тапсырылуы тиіс»,-делінген хабарламада.

Дереккөз: baq.kz