Тоқаевқа қалай хат жазуға болады?

Бөлісу:

Қазақстан Президентінің Виртуалды қабылдауы ашылды. Мемлекет басшысы Instagram желісіндегі парақшасында бұл қызметтің www.akorda.kz сайтында екенін айтты.

«Құрметті оқырмандарым!

Менің парақшама мыңдаған оқырман пікірлерін жазып, сауалдарын жолдап жатады. Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда, барлық өтініштерге осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңіз де жақсы түсінесіздер.

Қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру, мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтында менің Виртуалды қабылдауым ашылды. Қазірдің өзінде Виртуалды қабылдауға көптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады. Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және Әкімшілік қызметкерлері де қарастырады.

Бұл – еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңды күші бар виртуалды қабылдау», – деп жазды Президент.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Аймкул Назарбаевна 21 Шілде, 2019 12:14 Жауап

    Озиниз сиякты кози ашык.кайтпас кайрат.шебер тэжирибели президент сайлангандыгына куаныштымын.бириншиден
    Екиншиден.коптеген озгеристер жургизип жатыр.бирак Халык бэринин бирден орындалгвгдыгын кажет ететиндиктен.эли де коп тусинпеушиликтер болатыны белгили.
    Кош журе тузеледи .-деп .омир сурип келемиз.сол умитимиз жанып.бираз мэселелер Оз шешимин тауып жатыр.
    Улттык когымдык кенес курылып жатыр.жумыстарына сэттилик тилеймин!

  2. Акбаршын 9 Қыркүйек, 2019 22:36 Жауап

    Аса құрметті елбасы! Сіздің елімізді дамытудағы кемел жобаларыңызды куəсі болудамыз. Əсіресе көп балалы отбасылардың несиелерін жауып, еңбекақымызды көбейтіп жатқаныңызға рақмет. Сіздің жасап жатқан істеріңіз баршаға үлгі боларлық. Əттен ауылдың атқа мінерлері сізден үлгі алса . Ауданымыздың əкімі болған Аманғали Аймырзаев өзі əкім болып тұрған 2014 жылдары əкемнің жəне менің үйімді тағы бірнеше үйді кепілге тігіп 14млн. ақша алды. Əкем 3 топтағы мүгедек, зейнеткер. Жасы 71де. Ағам бар тапқанын осы несиеге салуда. Алайда өткен апта да үйіміз сатылып кетіпті. Күйеуім болса жұмыссыз. Қой бағады. Сізден осы жағдайдан шығуға көмек тесуіңізді сұраймын. Халқыңыз үшін жасап жатқан игі істеріңізге сәттілік! Түркістан облысы, Созақ ауданы, Абай көшесі

  3. Жанка 16 Қыркүйек, 2019 20:07 Жауап

    Құрметті елбасы
    Тараз қаласынан боламын
    Жалғыз басты анамын
    Бізге неге ай сайынғы 21 000 тенгеміз уақытылы түспейді
    Енді міне тамыз айының ақшасын алалмай отырмыз
    Осы жағын қарастырсаңыз

Пікір немесе жауап жазу

10 − үш =