Нұр-Сұлтанда аз қамтылған отбасыларды несиелеу шарасы басталды

1801
1
Бөлісу:

Елордалық тұрғын-үй қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Аз қамтылған отбасыларды тұрғын-үй сатып алу үшін несиелеу» аясында жолдама қабылдау басталды. Бұл туралы әкімдігінің сайты хабарлайды.

Жолдама алу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 17-31 шілдесі аралығында қабылданады (I кезең).

«Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы санаттарында кезекте тұрғандар қатыса алады. Бұдан басқа, бағдарламаның шарттары бойынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс. Несиелеудің ең көп сомасы 15 млн. теңгені құрайды. Несие мерзімі 20 жылға дейін, бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10% мөлшерінде. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады. Бұл ретте бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификаты тек бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға арналған»,-делінген хабарламада.

Осы бағдарлама бойынша өту үшін 3 кезеңнен өту керек: Тұрғын үй қорынан жолдама алу (Р. Қошқарбаев д-ы, 39); Жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзінің төлем қабілеттілігін растау; Егер Сіз бастапқы нарықты таңдасаңыз, онда Сізді 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды, ал егер қайталама нарық болса, онда ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын салу қажет. Жолдама алғаннан кейін азаматтар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на несие алуға өтінім беруі үшін жолығулары қажет.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. канат 30 Шілде, 2019 09:10 Жауап

    соншама жыл бойы уиге кезекте турып уи алуга мумкуншилик жок адамнын оина симайтын жагдай несиемиз бастан асады балаларды окыту ушин несие алып окыттык енди акимшилик коп балалы ретинде уи алындар деп жолдама берди банк толеуге жагдайларын жок деп бермей отыр сонда калай аламыз кандай комек коп балалы отбастарына

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз − 4 =