Атыраулық оқушы - халықаралық олимпиаданың алтын жүлдегері

Кипр Республикасының математиктер одағының ұйымдастыруымен Кипр елінің Ларнака қаласында 23-ші жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасы өтті. Оған 17 ресми командадан құралған 112 адам қатысты. Олардың арасында 10 команда Балкан аймағынан болса, қалған 7 командалар өзге мемлекеттерден. Оның ішінде Қазақстан құрамасы да бар. Балкан Жасөспірімдер Олимпиадасының тарихында тұңғыш рет Қазақстан құрамасы бейресми командалық жарыста екінші орынға ие болды. Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медальді жеңіп алды. Алтын медальдің бірін атыраулық оқушы Айбек Мырзатаев иеленді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Айбек Мырзатаевты, оның әкесі Исатай Сабитовты және Білім-инновация лицей-интернатының директоры Эльма Исмаилды қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Г.Бақытжанқызы qazaquni.kz