«СӨЗ СӘУЛЕ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі болашағы­нан мол үміт күттіретін жазушы, әдебиет сыншысы, зерттеуші, ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбайдың «7 SUCompany» баспасынан «Сөз-сәуле» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Кітап Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қолдауымен «Жастар жылы» аясында «Жетісу кітапханасы» сериясымен шығып отыр. Әдеби портреттер мен толғаныстар жинағы «Мезгіл дәптері», «Таным дәптері», «Көңіл дәптері» бөлімдерінен тұрады. Әдеби-сыни жанрындағы кітапқа автордың Ж.Елшібек, С.Негимов, Ғ.Жайлыбай, А.Қалиев, Ж.Толымбеков, Е.Сейдахмет, Ә.Байбол сынды белгілі қаламгерлердің шығармашылығы туралы жазған портреттік эсселері, Абай, Мәшһүр Жүсіп туралы тарихи толғамдары, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбай, Ә.Нарымбетов, О.Бөкей, Т.Кеңесбаев туралы жазған көңілдегі ойлары енген. Кітаптың тілі көркем, жеңіл әрі әсерлі оқылады. qazaquni.kz