Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрі қоймасын тексерді

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Отардағы оқ-дәрі қоймасын тексерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Гвардейск гарнизонына жұмысы сапары аясында министр оқ-дәрінің қалай сақталғанын, жеке құрамның өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын қалай орындайтынын тексерді.

Әскери ведомство басшысына лауазымды тұлғалар зымырандар мен оқ-дәрілердің сақталу тәртібі, қару-жарақ, әскери және арнайы техниканың жай-күйі, тағы басқа материалдық-техникалық құрал-жабдықтар туралы баяндама оқыды.

Министр Ермекбаев әскери қойманың қауіпсіздік деңгейін арттыру, әскери қызметшілердің өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздік ережелерін орындауы бойынша нақты тапсырмалар берді.