Ермек Аманшаев Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болды

Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болды. 5 жылдан астам уақыт елорда әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.