Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тағы бір Өкімімен Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды.

2014 жылдан 2019 жылдың маусым айына дейін Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.