Елордада Елбасы еңбегін саралауға арналған жиын өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «30 жылда Орданы орнықтырған Елбасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының атқарған қызметі мен өмірі жайында әңгімеленді. Қатысушылар өз сөздерінде 30 жыл ішінде Қазақстан Еуразия кеңістігінде көшбасшы елдердің қатарына қосылғаны, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар халықтың жағдайының жақсаруына зор ықпал еткені және осы уақытқа дейін еліміздің бағындырған белестердің бәрі – мемлекетіміздің негізін қалаушы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жасалынғаны туралы айтты.

Іс-шараға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяған, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Рахымжан Тұрысбек, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, арабтанушы Сайлау Батыршаұлы, қоғам қайреткері, оқытушы Қазиев Әбдірахман, ақын, драматург, аудармашы Маржан Ершу, Павлодар педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Зұлхия Марданова, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің көлік мәселелері бойынша кеңесшісі, жазушы Әбіш Кекілбаевтың немересі Абыл Кекілбаев, ғылыми қызметкерлер және кітапханашылар қатысты.