Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық болады

Синоптиктердің болжамынша, 9 шілде күні бірнеше облыста аптап ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерлерде найзағаймен бірге, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа – райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, күндіз – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз-найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Жамбыл, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай күтіледі, жел  15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең – тұман күтіледі. Қызылорда, күндіз Түркістан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз  қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде жоғары өрт қауіпі сақталады.