Ринат Зайытов айтысқа қатыспайтынын айтты

Айтыскер ақын Ринат Заитов 13 шілдеде ШҚО-да өтетін «Ел айбыны, жыр айдыны — Алакөл» атты республикалық ақындар айтысына қатыспайды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында ресми мәлімдеді, - деп жазды sn.kz.

Ақынның айтыс афишасында суреті тұрғанымен ол бұл шараға шақырту алмапты.

«Құрметті ағайын, 13 шілдеде өтетін айтысқа шақырту алмағанымды, қатыспайтынымды ресми мәлімдеймін», - деп жазды ол.