Павлодар облысында үш ауылдың атауы қазақшаланады

Павлодар облысындағы ауылдардың атауы өзгереді. Облыс әкімі Болат Бақауовтың тиісті қаулысы электронды үкімет сайтында жарияланды, - деп хабарлайды sputniknews.kz.

Құжатқа сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округке қарасты Путь Ильича ауылының атауы Еңбек болып өзгертіледі. Ал Саты ауылдық округінің Қызыл-Октябрь кенті Абай ауылы деп аталатын болады.

Павлодар ауданының Красноармейка ауылы Кемеңгер атауын алса, тиісінше Красноармейский ауылдық округі де Кемеңгер болып қазақшаланады.

Хабарланғандай, елді мекендердің жаңа атаулары жергілікті тұрғындармен келісілген.