Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен  Ержан Бабақұмаров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ержан Бабақұмаров  осыған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарған.  2019 жылы 5 шілдеде басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылған.