Тоқаев министрге мәдениет және спорт қайраткерлерінің тұрмысын жақсартуды тапсырды

Бөлісу:

Мемлекет басшысына министрліктің атқарып жатқан қазіргі қызметі және ортамерзімді жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті жаңа министрге заңнамалар мен нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын, туризм, спорт, мәдениет және тіл саясаты салаларындағы жобаларды іске асыру жөнінде бірқатар міндет қойды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту, жергілікті атқарушы органдармен және бизнес-құрылымдармен өзара ықпалдастықты нығайту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

жеті − 6 =