Барымташылар бұғауланды

Қызылорда облысында 350-ге жуық мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 36 адам ұсталды. Олардың 339 қылмысқа қатысы барлығы анықталып отыр. Биылғы төрт айда Қызылор­да облысында 159 мал ұрлығы тіркелген. 2018 жылы 220 қыл­мыс анықталған болатын. Биыл әсіресе, ауыр қылмыстар саны артқан. Былтыр олардың саны бесеу болса, биыл 16 дерек тіркелді. Жыл басынан бері 339 мал ұрланған. Олардың небәрі 117-і табылып, иелеріне қайтарылған. Қызылорда облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқар­масы мал ұрлығын жаса­ған 36 адамды қолға түсірді. Олардың 339 қылмыс жасағаны дәлелденіп отыр. Талдауға сәйкес 65% жағдайда, мал еркін жайылымнан, ал қалған 35 пайызында ауладан және қоралардан ұрланған. qazaquni.kz