ИСЛАМ ӘБІШЕВТІ ҚОЛДАУШЫЛАР САНЫ РЕКОРДТЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ!

Бөлісу:

БІР АДАМДЫ МҰНШАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ЕЛ ТАРИХЫНДА БОЛМАҒАН!

 

«Қазақ үні» сайтындағы Ислам Әбішевті қолдап, Ұлт зиялылары бастап қол қойған «ТРИЛЛИОН ҮНЕМДЕГЕНДЕР ТҮРМЕДЕ – ҚУДАЛАҒАНДАР МІНБЕДЕ…» атты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазылған Ашық хатты қолдаушылар саны 17 213 адамға жетіпті!!! Бұншалықты адам бір адамды қолдап, жаппай қол қою еліміздің тарихында бұрын-соңды болмаған! Бізде бір адам үшін емес, еліміз тағдыры қозғалған ұлт, тіл, жер мәселелерінде де сайттағы Ашық хатқа қол қою 138-ден, әрі кетсе 200-ден асқан жоқ. Сонда бұл 100 еседен аса жоғары көрсеткіш! Ал Ашық хатты 50 мыңға жуық адам (49039) оқыды. Ашық хаттың өзіне «Қазақ үні» сайтында 150-ге жуық пікір жазылды. Бұл да зор қолдау болып табылады. Ал әлеуметтік желілерде, әсіресе, Фейсбуктағы, уатсаптағы қаптаған қолдау пікірлердің есебі жоқ.

Ендеше, осыншалықты халық дауысы Қазақстан Президенті болып сайлана салысымен елдің қордаланған күрделі мәселелерін шұғыл шешуге кірісіп кеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа жетуі тиіс деп санаймыз.

Сайтта қол қоюшылар саны ешуақытта мұндай деңгейге жетпегенінің айқын белгісі – 17 213 деген сан -7213 деп, алғашқы бір таңба сыймай тұр!!! Себебі сайт функциясында БЕС ТАҢБАЛЫ ЦИФР бұрын болмаған болып тұр… Өйткені, сайт жасаушылар:

1. Триллион үнемдеген Ислам Әбішев түрмеге түседі деп;

2. Ислам Әбішевті осыншалықты 20 мыңға жуық адам қолдайды деп ойламаған болар…

Ендеше Ел дауысы Ел басшысына жетіп, әділдік туы желбірейді деп сенеміз.

Қазыбек ИСА

«Қазақ үні» газеті,

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Сұлтан Бекбосын 2 Шілде, 2019 23:17 Жауап

    Иә, 100 реттік рекорд!!! Осыншама халықтың қолдауына ие болу үшін Исламдай дара тұлға болу керек!

  2. Іңкәр Әлемқызы 2 Шілде, 2019 23:19 Жауап

    Ислам Әбішевтей әділ, адал жанға жала жабу – жоғарыдағылардың заказы екені анық болды!

  3. Мөлдір 27 Қыркүйек, 2019 19:34 Жауап

    Әрине жетеді рекордық деңгейге. Исламдай елдің ерін қолдамағанда халық кімді қолдасын? Бұ кісінің ақ екенін барша жұрт жақсы біледі. Адал еңбекпен халық үшін жүрген жанды қаралау Отанымызға жасаған опасыздықпен тең. Кім болса да Алла алдына еселеп қайтарары анық.

  4. Эленора 27 Қыркүйек, 2019 19:39 Жауап

    Әбішевті қудалағандар мінбеде мәңгілік жүрмейді. «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді» деген бар қазақта. Пайғамбар жасына келген халықтың азаматын осылай қапаста ұстағандардың жазасын Алла өзі ақ береді. Ешкімді табалаудан аулақпыз. Бірақ бәрін көруші білуші Жаратқан иеміз бар.

Пікір немесе жауап жазу

он + он үш =