Мемлекет жүз мыңға жуық азаматтың несиесін жабады

2087
2
Бөлісу:

Бұл туралы Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Әлеуметтік тұрғыда барынша аз қамтылған азаматтар түрлі қиын жағдайларға байланысты өзіне алған кредиттік міндеттемесін орындай алмай отырған ахуал қалыптасты. Көптеген азаматтардың қарыз жүктемесі артып келеді, олардың шынайы табыстары төмендеуде. Адамдар кредиттері бойынша қарыздарын қалай өтерін білмей отыр және бұл проблема шамамен 100 мың азаматымыздың өмірлік мүддесіне қатысты», – деді Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің дерегінше, кредиттердің 86 пайыздан астамының көлемі 1 млн теңгеге жетпейді. Ал орташа берешек көлемі шамамен 300 мың теңгені құрап отыр. «Мұның барлығы сарапталған және есептелінген. Қазақстанның басшысы ретінде адамдардың белшеден батқан қарыздан шығуға қауқарсыз екендігін көре отырып, бұған араласпай тұра алмаймын. Сондықтан Үкіметке бір реттік акция ретінде келесі шараларды қабылдауды тапсырдым: жоғарыда атап өткен санаттағы әрбір заемші үшін нақты және атаулы қаржылай көмек ретінде мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді», – деді Қ.Тоқаев. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының атап өтуінше, олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн. теңгеден аспауы тиіс. «Несие алғандардың 55 пайызы, яғни 250 мың адам үшін бұл негізгі несие мен сыйақыны қоса алғанда жалпы қарыз көлемін тұтастай төлеу дегенді білдіреді. Қалған несие алған азаматтардың қарыздары 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі. Бұл олардың төлеу қабілеттілігін қалпына келтіруге және қарыз жүктемесін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізеді. 2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады. Несие алушылардың аталған төлемдерін есептен шығару, ең алдымен, екінші деңгейдегі банктер мен шағын қаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, несие беруге, несиеге қатысты қызмет көрсетуге және жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен барлық кепілсіз қарыздарына байланыс­ты айыпақы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынады», – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Жумаш 26 Маусым, 2019 21:17 Жауап

    Қр Президенті Қасым Жомарт Тоқаев мырзаға барлын аналар атынан шексіз алғыс айтамыз. аналардың қуанышын олардың отбасының сезімдерін айтып жеткізу қиын тек қана Отанымыз гүлденіп Президентіміз жаса берсін. мың алғыс

Пікір немесе жауап жазу

5 + 6 =