«Халық сіздерге үміт артады»: Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекемен құттықтады

1319
0
Бөлісу:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлер мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты, сол себепті халық сіздерге үміт артады. Жұмыстарыңызға табыс және береке тілеймін», – деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ бүгін мемлекеттік қызметшілер де кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл мейрам 2013 жылы президент жарлығымен бекітілген еді.

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Азаматтардың өмір сүру сапасы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына байланысты. Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты жұмыста табыс тілеймін», – деп жазды президент.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінен кейін бірқатар тағайындау жасады. Бұдан бөлек, бірнеше ведомство қайта құрылып, сауда және интеграция, сонымен қатар экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері жұмысын бастады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

екі × төрт =