Қазақстан Президенті «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады

Мемлекет басшысына ғылыми орталықтың қазіргі жұмысы мен алдағы даму жоспарлары, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясындағы медициналық жобалардың жүзеге асырылуы жайлы баяндалды, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

А. Байгенжин Президентке Томотерапия және ядролық медицина орталығының қатерлі ісікті емдеудегі жаңа әдістері туралы айтты.

Кездесуде денсаулық сақтау саласының басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар беріп, орталық ұжымына табыс тіледі.